2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 19,04 млн доллар қаржыға өтініш берген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегінше, бұл қаражаттың басым бөлігі баспана мен білімге жұмсалған.
Қай бағыттарға бөлінді?
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 87 841 өтініш түскен. Жалпы сомасы $12,25 млн. Ең танымал тәсіл – тұрғын үй құрылыс жинағына қаражат салу (85 735 өтініш, 11,98 млн доллар). Сондай-ақ, бастапқы жарна төлеу (700 өтініш, 92,1 мың доллар) және пәтерді толық сатып алу (514 өтініш, 62,3 мың доллар).
Білім алу шығындары – 51 933 өтініш, жалпы сомасы 6,79 млн доллар. Оның ішінде: Қазақстандағы оқу ақысына төлем – 45 901 өтініш, 6,08 млн доллар; білім беру жинақ салымын толықтыру – 4 309 өтініш, 499 мың доллар; шетелде оқу ақысына төлем – 1 411 өтініш, 174 мың доллар.
Балаларға қанша бөлінді?
Бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 2006 жылдан кейін туған балаларға бөлінеді.
• 2023 жылы әр балаға 100,52 доллар түсті.
• 2024 жылы бұл сома 129,38 доллар болды.
• Қосымша инвестициялық табыс – 3,04 доллар.
Мысалы, 2006 жылы туған балада қазір 100,52 доллар, ал 2007 жылғы балада 232,94 доллар жиналған.