ҚР үлестік құрылыс оюъектілерін мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі шаралар әзірленеді:
- алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;
- айыппұл санкцияларын 300-ден 2000 МРП -ге дейін ұлғайту;
- үлескерлердің қаражатын тарту бойынша жарнамаға тыйым салу;
- салынып жатқан тұрғын үйді қолма-қол қаражатсыз сатып алу.
Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
ҚР 8 өңірінде 39 проблемалы үлестік құрылыс нысаны бар. Оларды аяқтау үшін мемлекет қаржыландыруды бөлу және инвесторларды табу бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін Астанада осындай 9 нысанды аяқтап, 484 отбасыға кілт беру жоспарлануда.