Қазақстанда болашақта салық есебін жасанды интеллект толтыра алады. Үкімет азаматтар мен бизнеске салық бойынша кеңес беретін ЖИ-көмекшіні іске қосты, ал келесі қадам — декларацияларды автоматты түрде толтыру. Бұл туралы цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Қазір сервис 24/7 онлайн-кеңесші ретінде жұмыс істейді. Ол есепті қалай тапсыру керектігін және салық нормаларын қарапайым тілмен түсіндіреді», – деді ол.
Министрдің айтуынша, жүйе қазірдің өзінде 5 мыңнан астам сұранысты өңдеген. Келесі кезең — автоматтандыру.
«Жоспар бойынша, ЖИ салық декларациялары мен есебін өзі толтыратын болады», – деді Мәдиев.