2022 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати ханыммен кездесті.
Кездесу шеңберінде мұнай-газ кешені мен жаңартылатын энергия секторын дамыту мәселелері талқыланды.
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2018 жылдан бастап Қазақстанда халықаралық аукциондық сауда-саттықтың теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген ашық тетігі қолданылатынын атап өтіп, Үнді тарапын 2023 жылы өтетін аукциондарға қатысуға шақырды.
Үндістан елшісі мұнай-газ жобалары бойынша қатысу үлестерін алу, инжинирингтік және консалтингтік қызметтерді көрсету бойынша қазақстандық жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісті.