Бизнес тек инвестиция үшін ғана емес, кәсіпкерлердің бостандығы мен денсаулығы үшін де қауіпті кәсіпке айналуда, деді Ақ жол партиясының төрағасы Азат Перуашев 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында.
"Трансферттерді есепке алмағанда, 2024 жылға дейін бюджет кірістерін салық түсімдері есебінен шамамен 97%-ға жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда. Түсімдерді ұлғайту, негізінен, «жақсарту» есебінен, нақты айтатын болсақ - салықтық әкімшілендіруді қатаңдату есебінен жоспарланып отыр. Іс жүзінде бұл көбінесе адал бизнеске қайта салық салуға әкеледі. Соңғы жылдары «Ақ жол» фракциясы депутаттарының поштасына кәсіпкерлердің соттардың салғырттығы кезінде өз өкілеттіктерін салықшылардың өз еркінше түсіндіруі туралы осындай өтініштері күн сайын келіп түсуде", дейді депутат.
Оның айтуынша, фискалдық органдардың бизнеске шамадан тыс қысымы, шоттарға тыйым салу, кеше ғана сәтті жұмыс істеп жүрген кәсіпорындарды банкроттыққа жеткізу, кәсіпкерлерді қорқыту және оларға қатысты қылмыстық істер бүгінгі күннің өзінде іскерлік жағдайға қауіп төндіреді.
"Ал мемлекеттік органдардың бұл тәжірибені қатаңдату ниеті елеулі алаңдаушылық туғызады. Біз Үкіметтен, прокуратура органдарынан және әсіресе сот инстанцияларынан мұндай қауіптерді сөзбен емес, іс жүзіндегі қадамдармен сейілтіп, керісінше екенін дәлелдеуді сұраймыз", дейді.
Салық түсімдеріндегі елеулі үлес (44%) ҚҚС-қа тиесілі, бұл ретте келесі жылдың өзінде ҚҚС-тың 23%-дан астам өсуі болжануда. Бұл ретте салықтың осы түрі бойынша түсімдердің ұлғаюы ЖІӨ-нің өсуі, импорттың ұлғаюы және тағы да «әкімшілендіруді жақсарту» есебінен жүргізіледі деп күтілуде.
Ал кәсіпорындарға ҚҚС бойынша қайтарым сомасы барлық жылдарға бірдей деңгейде жоспарланған (720 млрд. тг.)
"Бірақ ҚҚС қайтару дегеніміз не? Бұл отандық өнім экспортын қолдаудың бір түрі. Оны бір деңгейде сақтау - Үкіметтің қазақстандық экспорттың өсуін жоспарламайтынын білдіреді. Бұл Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік саясатына түбегейлі қайшы келеді. Президенттің биылғы Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге арттыру міндеті қойылды. Аталған 1,5 еселік артықшылық немесе 50% өсім қайда? ҚҚС қайтарымы бойынша мәлімдемеге қарасақ, олар бюджет болжамында, тіпті, қарастырылмаған", дейді Перуашев.
Егер салықтар іс жүзінде бюджеттің жалғыз көзі болса, онда салық салу базасын кеңейту, кәсіпорындардың айналымы мен кірістілігін арттыру, салықтардың фискалдық ғана емес, ынталандырушы рөлін де пайдалану, сондай-ақ жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуы бойынша шаралар қажет.
Атап айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2011 жылдан бастап Еуроодақ және ЭЫДҰ елдерінің үлгісі бойынша ҚҚС-тың төмендетілген салалық мөлшерлемелерін енгізуді талап етуде. Алайда құжатта мұндай ештеңе қарастылмаған.
Бюджет жобасы салықтық емес түсімдерді 211 млрд теңгеге дейін қысқартуды көздейді, бұл мемлекеттік материалдық резервті жүзеге асырудан түсетін кірістің төмендеуімен түсіндіріледі.
Бұл ретте салықтық емес түсімдер қатарына квазимемлекеттік сектордағы акциялардың мемлекеттік пакеттеріне деген дивидендтер де кіретіні ескерілмейді. Бұл бап айтарлықтай өседі деп болжануы керек еді, өйткені 2020 жылдан бастап Үкімет квазимемлекеттік кәсіпорындардың пайдасының кем дегенде 70%-ын мемлекетке дивидендтер төлеуге бағыттауды міндеттеді.
Алайда, оның орнына 2022 жылы квазимемлекеттік сектордың 523 млрд теңге көлеміндегі болжамды таза кірістері кезінде дивидендтер сомасы 109 млрд немесе 21% мөлшерінде жоспарланған. Ал 2023 жылы таза табыс болжамы 1 трлн 623 млрд теңге болған кезде дивидендтер бойынша болжам 25 млрд теңгеге немесе тіпті 1,5%-ға салынды.
Міне, осы бюджет кірістерінің резервтері бойынша Үкімет пен фискалдар жеке кәсіпорындарды жоймай, өздерінің принциптілігін көрсетуі керек.
"Біздің фракция баяндалған сын-қатерлерді шешуді қамтамасыз етудің жалғыз тәсілі нарықтық экономика, адал бәсекелестік және кәсіпкерлік еркіндік қағидаттарын іске асыру болып табылатынына сенім білдіреді", дейді депутат.
Сонымен қатар, бизнес үшін несие ресурстарының қол жетімсіздігі мен қымбаттығы әлі де түйткілді мәселе болып қалуда.
"Біз осы күнге дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін төмендету, екінші деңгейлі банктердің пайызын төмендету және бизнесті қолжетімді қаржыландыру қажеттілігін талап етіп келеміз. Біздің фракциямыздың депутаттары базалық мөлшерлеменің көтерілуі Қазақстанның өз өндірісінің тиімсіз болуына, импортқа тәуелділіктің және инфляциялық процестердің ұлғаюына алып келетінін атап өтті, осы жағдайды біз бүгінде байқап отырмыз. Жауап ретінде бізге депозиттер иелерінің мүдделеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеуде. Бірақ шын мәнінде, бүгінде банктер нарықтан түскен қаражатқа емес, мемлекеттік ақшаға немесе квазимемлекеттік кәсіпорындардың қаражатына билік етеді. Және дәл пайыздардың жеткіліксіздігіне байланысты несие бойынша қарыз сомасы ақылға қонымды мөлшерден асып кетеді және кәсіпорындарды рейдерлік басып алуға әкеледі, ал отбасылар жас балаларымен бірге жалғыз тұрғын үйлерінен қуылады."
Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне нұқсан келуде. Бүгінде банктер экономиканың нақты секторын кредиттеуден, импортты кредиттеп және инфляцияны ілгерілете отырып, тұтынушылық кредиттерге көшуі кездейсоқ емес.
Себебі, елде ауыртпалықсыз мүлкі бар және қарызды өтеуде проблемалары жоқ бизнес күннен-күнге азайып жатыр.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 35 трлн теңгені құрайды, оның ішінде заңды тұлғаларға, яғни экономикаға кредиттерге 20,6 % (немесе 7,2 трлн теңге) бағытталды, жеке тұлғаларға берілетін кредиттерге - 26,3% (9,2 трлн тг) ал банк активтерінің 53%-ы бағалы қағаздарға орналастырылған және экономикаға жұмыс істемейді.
Міне, Ұлттық банк саясатының нәтижесі, банктерге экономика мен өндірісті қаржыландырудан гөрі активтердің жартысынан көбін қалыпты ноталарда ұстау тиімдірек екен.
Жоғарыда айтылғандай, бюджет жобасы бизнесті қолдауға арналған қаражаттың едәуір төмендеуін қарастырады.
"Алайда кейбір баптар сұрақтар туғызады. Мысалы, Сауда министрлігіне экспортты ілгерілетуге бөлінген 742 млн теңгенің 223 млн теңгесін «кеңес беру» қызметіне жұмсау жоспарлануда. Ал нақты қолдауға (көлік шығындарын өтеу сияқты) бизнестен 3.7 млрд теңгеге өтінімдер болған жағдайда 442 млн теңге ғана бөлінеді", дейді Перуашев
Ұлттық экономика министрлігі МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеуге және ТЭН-ге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, бұл ретте мұндай 6 жоба бар.
"Тағы 1,5 млрд-ты осы министрлік 10 зерттеу жұмысы үшін төлегісі келеді. Мен өз фракциямның атынан ресми түрде Үкіметтен шығыстардың осы баптарын қайта қарауды және оларды өндіріске неғұрлым өзекті мақсаттар мен практикалық көмекке қайта бөлуді сұраймын. Себебі тиісті іс-әрекет жасалған жағдайда ғана бұл ақша экономикаға бірнеше рет салықтармен, жұмыс орындарымен және бірдей несие төлемдерімен оралады", деді депутат.