2023 жылдың қорытындысы бойынша елорда тұрғындарды 1000 адамға шаққандағы неке қию саны бойынша барлық басқа өңірлерден асып түсті — 7,46. Түркістан облысында жағдай керісінше. Неке қию коэффиценті мұнда ең төмен — 5,55.
10 жағдайдың 8-де қазақстандықтар алғаш рет некеге тұрады. Күйеу жігіттің орта жасы — 27,8, қалыңдықтың жасы — 25,2.
Нақты жас мөлшеріне тоқталсақ, 2023 жылы некеге тұрған ер адамдардың көпшілігінің жасы 20-дан 39-ға дейін (85%), әйелдердікі — 18-ден 34-ке дейін (82%) болған.
Қазақстанда шаңырақ көтерген әрбір жаңа отбасының бесіншісі — ұлтаралық отбасы.
Қалыңдықтардың 41%-ы жоғары білімді. Жоғары оқу орнын бітірген күйеу жігіттердің үлесі 39%-дан сәл төмен.
Неке ең көп қиылатын уақыт — маусым мен тамыз, ең азы — қаңтар мен ақпан.