Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елдегі үй шаруашылықтары 29,9 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 3,1% артық, деп хабарлайды energyprom.kz.

Үй шаруашылықтары 1,2 млрд теңгеге (6,9% аз) өздері өндірген тауарларды сатты, соның ішінде 58,9 млн теңге бұрын өндірілген өнімдер.

Биылғы жылдың үш айында үй шаруашылығының өндіріске жұмсаған шығындары былтырғыдан 6,7% өсіп, 14,7 млрд теңгені құрады.

Құндық мәнде елдегі үй шаруашылықтары үш айда ең көп нан өндірді: 8,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 6,2% артық.

Өндіріс көлемі бойынша үздік үштікке сондай-ақ нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (8 млрд теңге, былтырғыдан 6,9% көп), қаймақ және басқа да сүт өнімдері (5,1 млрд теңге, былтырғыдан 5,3% аз) кірді.

Сонымен қатар, қазақстандықтар еттің майын (3,2 млрд теңге, +8,3%), шұжық пен ет өнімдерін (2 млрд теңге, -15,8%) өндірді.

Өңірлер бойынша Алматы облысы үй шаруашылықтары ең көп өнім өндірді: 6,2 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 2,5% аз.

Үздік үштікке Түркістан (6 млн теңге, +3,5%) және Павлодар (5,3 млн теңге, +18,5%) облыстары да кірді. Өнім ең өңір Маңғыстау облысы (129,9 млн теңге).

Өндірілген өнімнің 82,7%-ы немесе 24,7 млрд теңге ауылдық жерлерге тиесілі. Қалалық жерлерде небәрі 5,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген.