2026 жылғы сәуір айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген. 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда (28 493) мәмілелер саны 23,4% өсті, деп хабарлайды статистика бюросы.
2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде Атырау облысынан (-5,6%) басқа барлық өңірде сауда артты. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (+55,8%), Қызылорда (+49,4%) және Абай (+45,7%) облыстарында тіркелді.
Алайда былтырғы сәуірмен салыстырғанда сауда әлі аз, 4,6% кеміген, ол кезде 36 839 үй сатылған еді. Былтырғымен салыстырғанда сауда Түркістан облысында (+41,5%) ең қатты өссе, Ұлытау облысында (-28,6%) қатты құлдырап кеткен. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы төрт айымен салыстырғанда 4,6% азайған.

