Krisha.kz сарапшылары Нұр-Сұлтанда пәтер іздеушілердің қанша теңгеге үй іздеп жүргенін анықтады.
1 бөлмелі үй іздеушілер ең көп 35 млн теңге ұсынып отыр. 60%-ы 25 млн теңгеден арзан үй іздейді. Қазіргі таңда ұсыныстың 87%-ы ұсыныспен сай келеді.
Жыл басында бір бөлмелі үй іздеушілер орташа есеппен 18.5 млн теңге ұсынған еді. Қазір көрсеткіш 6,5 млн теңгеге көбейді.
2 бөлмелі үй іздеушілер 45 млн теңгеден артық беруге дайын емес. Негізінен 60-70%-ы 30–32 млн теңге аралығындағы пәтер іздейді. Жыл басынан бері көрсеткіш 4.5 млн теңгеге көбейді.
Ұсыныстың 76%-ы сұраныспен сай келеді.
3 бөлмелі пәтер іздегендер де 45 млн теңгеден артық төлеуге дайын емес. Нарықтың 65.6%-ы сұранысқа сай келеді. Қаңтар айында халық 35–38 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер іздеген еді.
Сатып алушылардың ұсынып отырған ең жоғарғы бағасы 60 млн теңге. Көрсеткіш жыл басынан бері 5 млн теңгеге өсті.