Uber Technologies компаниясы тарихта алғаш рет табыс тапты. Он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жолаушылар және тамақ тасымалдау қызметін ұсынатын компания осылайша дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты, деп хабарлайды Reuters.
Басылым мәліметінше, компания алғаш рет тоқсандық есебінде операциялық табыс тауып отыр.
Reuters хабарлауынша, үшінші тоқсанда компанияның салық пен өзге де шығындарды есептемегендегі табысы 8 млн долларды құрады. Ал былтырғы үшінші тоқсанда компания 625 млн доллар шығындалған еді.
Компанияның қытайлық Didi компаниясындағы үлесінің азаюынан шығын көлемі 2,4 млрд доллар таза шығынға әкеп соқты.
Uber бизнесінің жалпы кірісі 72% өсіп 4,8 млрд долларға жетті.