Қазан айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану қызметі қыркүйекпен салыстырғанда 1% қымбаттады, ал былтырдан бері баға 8,8% өскен.
Бір айда ең қатты қымбаттаған өңір Ақмола облысы (4,1%) Түркістан облысы (3,8%) және Қарағанды облысы (3,2%).
17 өңірдің 7-еуінде баға былтырдан бері өзгерген жоқ.
Жылдық көрсеткіште де Түркістан облысында қатты қымбаттады. Былтырғы қазаннан бері баға 37% өскен.
Елордада бір жылда (11,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (11%) өсті. Ең аз қымбаттаған өңір Батыс Қазақстан облысы (1,2%).
Қоғамдық тамақтану қызметтерінің ішінде асханалар былтырдан бері 10,7%, жылдам тамақтану орындары 10,3%, мейрамханалар 6,2%, соның ішінде мейрамханада түскі ас ішу 6,7%, кофеханалар 5,1% қымбаттады.
Мейрамхана бағасы қатты қымбаттаған өңір тағы да Түркістан облысы (14,4%), ең аз Атырау облысында (1%). Батыс Қазақстан облысында баға өзгерген жоқ.
Жедел тамақтану орындарындағы баға ең қатты өскен өңір Түркістан облысы (28%), Ең аз Батыс Қазақстан облысы (2,4%). Қарағанды облысы сол қалыпты.
Асханалардың қымбаттауынан да Түркістан облысы (68,6%) алда. Ең аз қымбаттаған Жамбыл облысы (0,9%).
Кафе мен мейрамханалардың қызметі бір жылда 10%–15% қымбаттаған.
Статистика бюросының мәліметінше, мейрамхана ғимаратын жалға алу құны бір жылда 3,1% қымбаттады. Өңірлер бойынша ең қатты қымбьаттаған Маңғыстау облысы (56,1%), Қарағанды облысы (16,7%) және Шымкент (14%).