Түркістан облысында кедейлер азайып, басқа өңірлерде көбейді

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы I тоқсанда 4,5%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа жоғары. 2021 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,1%), Солтүстік Қазақстан (6%) және Маңғыстау (5,8%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,6%) тіркелді. 17062021-1к Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,6, азық-түлік емес тауарларға – 7,7, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады. 17062021-2к