2024 жылғы 6 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XI саммиті аясында ТМҰ-ға қатысушы елдердің Орталық банктері кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан орталық банктерінің төрағалары қатысты.
Кеңес қаржы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін Ұйым орталық банктерінің консультативті-кеңесші органы болады. Кеңес мүшелері өзара пікірлесіп, тәжірибе алмасады, ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық, төлем жүйелерін дамыту, қаржылық технология және өзара мүдделес басқа да салалар төңірегінде бірлескен консультациялар мен зерттеулер жүргізеді.
Кеңестің бірінші отырысын Астана халықаралық форумы аясында 2025 жылдың мамыр айында Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.