Биыл алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салған инвестиция көлемі айтарлықтай өскені байқалады. 7 айдың ішінде инвестиция көлемі 467,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өскен (238,9 млрд теңге).

14 облыста инвестиция көлемінің артқаны байқалады. Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңір төмендегідей:

 1. Астана – 163,8 млрд теңге

 2. Алматы – 54,6 млрд теңге

 3. Түркістан облысы – 43,6 млрд теңге

 4. Солтүстік Қазақстан облысы – 38,4 млрд теңге

5. Шымкент - 25,8 млрд теңге.