2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 36 241 құрады, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 905 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 27 336 мәміле. 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда (35 686) тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 1,6%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көшбастап тұр. Мәмілелердлің ең аз саны Ұлытау облысында – 372.

Тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте ең көп өсім Түркістан (15,2%), Шығыс Қазақстан (14,8%) және Павлодар облыстарында (11,8%) тіркелді.  Бір айдағы ең үлкен төмендеу  Ұлытау (-9,7%)  және Алматы (-7,4%) облыстарында болды.

Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, қыркүйек айында олар бойынша барлығы 27 336 мәміле жасалды, бұл мәмілелер бойынша жалпы көрсеткіштің 75,4%-ы. ​ Бөлмелер саны бойынша сатып алынған пәтерлерге назар аударсақ, қатарынан екі ай бойы 1 бөлмелі пәтерлер көп саудаланып отыр. Қыркүйек айында 10 163 – бөлмелі пәтер ресімделді, олар бойынша сауданың 55,4%-ы Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 10 083 мәміле жасалды.

2022 жылдың тамызымен салыстырғанда жеке үйлерді сатып көрсеткіші төмендеуде. Мұндай төмендеу Қызылорда (-26,7%),  Алматы ( -12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында(-11,3%) байқалды. Жеке үйлер саудасының өсімі керісінше Шымкент қаласында (+11,6%), Ақтөбе (+9,8%), ШҚО (+9,6%), Жамбыл (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді.