2024 жылдың ІІІ тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4.1% өсті. 

Бағаның едәуір өсуі көп деңгейлі тұрақтар сегментінде байқалды, онда жалдау төлемі 11,8% қымбаттады, сондай-ақ «В» санатындағы қоймада орын жалдау 9,4% өсті, «С» класындағы кеңселер 8,1% қымбаттады.

Сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жалға беру төлемі 7,8% өскен асханалар әсер етті. Кафелер мен өндірістік цехтарды жалдау бағасы бірдей өсті – 7,4%-дан, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалдау ақысы 4,5% қымбаттады, ал қоймаларды жалға алу 5,6% көтерілді.

Фитнес-клубтар мен спорт залдарын жалға алу бағасы керісінше азайды — 0,2%.