Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов қаржылық нарықтардағы құбылмалы жағдайдағы инвесторлар үшін жаңа бағыттарды атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі тұрақсыздық кезеңінде тиімді құралдарды халықаралық сауда алаңы ITS арқылы табуға болады. Бұл туралы ол ITS Ideas 2025 конференциясында сөйлеген сөзінде айтты.

Турловтың сөзінше, геосаяси жағдай, АҚШ-та Дональд Трамптың қайта президент болуы және Федералдық резерв жүйесінің шешімдері әлемдік нарықтағы құбылмалылықты күшейткен.

«Бұл – жаңа шындық. Мұндай жағдайда кәсіби инвесторлар пайда таба алады, ал жаппай инвесторлар көбіне шығынға ұшырайды», – деді Турлов.

Инвесторлар осындай тұрақсыз кезеңде қайдан мүмкіндік таба алады? Бұл сұраққа жауап берген Турлов  ITS платформасы АҚШ, Еуропа және өзге де дамыған елдердің өтімді қаржы құралдарына тікелей қолжетімділікті беретінін айтты.

«Бұл тек инвесторлар үшін ғана емес, брокерлер үшін де халықаралық хабтарға қосылуға мүмкіндік», – деді ол.