ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпкерлерге (ЖК) бірегей мүмкіндік – комиссиясы 0%-дан басталатын эквайринг ұсынады. Биыл шілдеден бастап ЖК қосымша жеңілдіктерге ие әрі бизнесті жүргізуге ыңғайлы арнайы пакетті қосып, тауарлар мен қызметтер үшін төлемді тартымды тарифтермен қабылдай алады.
«Еркін» пакеті аясында сауда эквайрингі үшін комиссия 0%-дан басталады, бұл айналымы жылына 45 миллион теңгеге дейінгі жеке кәсіпкерлер үшін тамаша ұсыныс. Басқа пакеттерде де төлемдер жеңілдетілген комиссия бойынша қабылданады, ал шоттың қызмет ақысы небәрі түскен қаражаттың 1%-ына жетеді. Пакетте сондай-ақ банкоматтардан қолма-қол ақшаны тегін алу және енгізу, корпоративтік #business картасын комиссиясыз шығару және жеңілдетілген тарифтер бойынша валюталық аударымдар қарастырылған.
Банк эквайринг қосу және пайдалану процесі барынша жеңіл болуы үшін кәсіпкерді POS-терминалдармен қамтамасыз етіп, құрылғыны баптайды. Бұл қолма-қол ақшаны өңдеу шығындарын азайтып, инкассация шығындарынан құтылуға септігін тигізеді. Соның арқасында кәсіпкерлер басты назарын толығымен өз бизнесін дамытуға арнай алады. Ал ағымдағы шотты bcc business қосымшасында жылдам әрі тегін ашуға болады.
Мұнымен қоса ЦентрКредит Банкі BCCBOX қызметін ұсынады. Оған бизнес үшін төрт түрлі кешенді шешім ұсынатын эквайринг қызметі кіреді. Атап айтсақ: POS-терминал, Учет.kz ұсынған тауарды есепке алу жүйесі, ағымдағы шотпен қосылған бизнес карта және айналым қаражаты үшін несие лимиті кіреді. BCCBOX аясында бизнес-картаны тегін рәсімдеп, банкоматтарда комиссиясыз ақша шығарып, толықтырып қана қоймай, сондай-ақ 30 минут ішінде несие лимитін ашу қарастырылған.
Толық ақпарат пен қызметті қосу бойынша өтінішті мына сілтемеден табуға болады.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.