Мұны тарих шешім деп атауға болады.
"Үлкен жетілік" (G7) елдері цифрлық экономика саласындағы ірі трансұлттық компаниялардың табыс салығын енгізу туралы келісімге келді. Атап айтқанда ол компаниялар Amazon, Apple, Google, Facebook. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері тақланып келе жатыр еді.
"G7 елдерінің қаржы министрлері жаһандық цифрлық ғасырға сәйкестендіру үшін әлемді ксалық жүйесін реформалау туралы келісімге келдік", дейді Британия қаржы министрі Риши Сунак.
Техникалық алып компаниялар пайда тапқан елінде емес, тек тіркелген елінде ғана салық төлеп келгендіктен, олар өз штабтарын салығы аз елдерге тіркеген.
Алдын ала келісім бойынша, минималды корпоративті табыс салығы 15%.
Алдағы уақытта "үлкен жиырмалық" елдері де осы келісімге қосылуы мүмкін.