Сианда (ҚХР) Транскаспий халықаралық көлік  бағдары бойынша  Қытай - Еуропа контейнерлік пойызы (Сиань – Алтынкөл - Ақтау — Баку — Поти — Бургас — Белград — Гамбург/Дуйсбург/Будапешт) салтанатты түрде жөнелтілді.

Іс-шараға ҚТЖ, Қытай, Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің, Шэньси провинциясының, Сиань қаласының партия комитеті мен үкіметінің басшылығы және т.б. қатысты. 

Сиандағы Қазақстан-Қытай терминалында құрылған 55 40 футтық контейнер құрамына жүктелген жүкті Будапештке жеткізеді. Пойыз 8-11 күнде Бакуге дейін шамамен 7 мың шақырымды жүріп өтеді. Ол Будапешттегі соңғы нүктеге 25 күнде жетеді. 

Жеткізу мерзімдерін қысқарту және сервисті жаңа деңгейде ұсыну ТХКБ-ның қатысушы елдері теміржол және порт әкімшіліктерінің жемісті ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды. 

Биыл 8 айда ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсті, маршрут бойынша 200 пойыз жүріп өтті.