ҚР Үкіметі отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдегендей, Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында «Контейнерлік хаб» құру жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру үшін Сингапурдың PSA International компаниясымен келіссөздер жүргізілді.
Сонымен қатар, Maersk, MSC және Cosco Shipping сияқты әлемдік контейнерлік операторларының паркін тарту көзделуде.
Теңіз тасымалы саласында сондай-ақ жеке бизнесті тарта отырып, сауда флотын 4 пароммен толықтыру жоспарланып отыр.
Жалпы, биыл 4 млн тоннадай экспорттық жүкті қайта бағдарлауды ескере отырып, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар.