2022 жылдың 9 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе өсіп, 1 миллион 84 мың тоннаны құрады.
«Өсудің үлкен үлесі экспортқа тиесілі. Бағыт бойынша Қазақстаннан экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 есеге өсті», - деп хабарлады ҚТЖ Тбилисиде өткен ТХКБ халықаралық қауымдастығының отырысында.
Бағыттағы жүк тасымалының жалпы оң динамикасы және оның Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі айтылды.
ТХКБ қауымдастығына 8 елден 20 компания мүше.