KTZ Express АҚ және QazTrade АҚ экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық National Logistics Corporation (NLC) логистикалық операторымен серіктестікте Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Джебель-Әли портына (БАӘ) пилоттық мультимодальды тасымалдауды жүзеге асырды.
Көлік тізбегі 27 сәуірде Павлодар АЭА-да өнімді 21 тоннадан екі фураға тиеуден және Жетіген КЛО-ға жөнелтуден басталып, онда 40 футтық екі теңіз контейнеріне қайта тиеу жүзеге асырылды. Әрі қарай контейнерлер тіркемесі бар жүк көліктеріне орнатылып, Пәкістанның Карачи портына жөнелтілді. Карачиге жүк 20 күнде келіп, 4900 км жүріп өтті. 1 маусымда контейнерлер фидерлік кемеге тиеліп, 3 маусымда Джебель-Әли портына жеткізілді. Тасымалдаудың жалпы мерзімі 38 күнді құрады, бұл клиент үшін ең тиімді шешім болды. Осы бағыт бойынша маусым-шілде айларында барлығы 60 контейнер тасымалдау жоспарлануда.
Бұл пилоттық жоба KTZ Express АҚ мен серіктестердің үйлесімді жұмысының нәтижесі, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нысаналы нарықтарына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтетін мультимодальды сервис