«Қазақстанның Автокөлік Одағы» берген мәлімет бойынша 2025 жылдың тамызында Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 17 977 жаңа және коммерциялық көлік сатты. Бұл былтырғы осы кезеңге қарағанда 0,9% көп. Жалпы сегіз айда 143 011 автомобиль өткен. Бұл өткен жылғы қаңтар мен тамыз аралығындағы нәтижеден 20% жоғары.
«Жаңа автомобильдер нарығы өсіп келеді. Заманауи автомобильдер жолдағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін, ауаға тарайтын зиян газдардың азаюын және жолаушылар мен жаяу жүргіншілер үшін жайлылықты қамтамасыз етеді. Мемлекет пен қоғам автопарктің жаңаруын қажат етеді. Жалпы мақсат – ел тұрғындарының өмір сапасын жақсарту», – деді ҚАО президенті Анар Мақашева.
Жаздың соңғы айында Hyundai көш басына қайта оралды (3 595; былтырғы тамызбен салыстырғанда -17,6%). Екінші орында Chevrolet (2 611) еншісінде (+8,7%). Үшінші орындағы Kia брендінің 2 100 өнімі иесін тапты (+27,6%). Changan биыл екінші мәрте төртінші орынға тұрақтаса (1 092; +66%), Toyota соңғы жылдары алғаш рет бесінші орынға жайғасты (1 038; +2%). Одан кейін Jetour (928; +3,8%) мен Geely (900; -0,1%) тұр. Сегізінші орын 855 көлігі өткен Haval-ға бұйырды (-4,8%). Сонымен қатар тізімге Chery (840; -31,7%) және Jac (815; -21,3%) кірді. Аталған айда нарыққа жаңа шыққан BYD (438 бірл.) мен Skoda (323 бірл.) 11 және 12-орындарға жайғасты.
Тамызда аса танымал болған модельдер рейтингінде өзгеріс жоқ. Ол әдеттегідей Chevrolet Cobalt (2 050), Hyundai Tucson (1 243), Kia Sportage (1 009) модельдерінен басталды. Төртінші орын елдегі ең арзан седандардың бірі Changan Alsvin-ге (644) бұйырды. Бесінші орынға Hyundai Mufasa (633) орналасты. Одан бөлек тізімге Hyundai Elantra (594), Jac S3 (538), Toyota Camry (481), Chevrolet Onix (459) және Haval M6 (446) енді.
Сегіз ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai (31 526; +17%) алда келеді. Екінші тұрған Chevrolet-нің көрсеткіші – 19 965 авто (+56,6%), үштікті 15 589 көлік кілтін тапсырған Kia түйіндеді (+3,2%). Төртінші орындағы Jetour – ең көп өткен Қытай бренді, сегіз айда дилерлер 9 491 автомобиль жөнелтті (+62,9%). Бесінші орындағы Chery маркасының клиенттері 9 293 көлік алған (+0,6%). Haval тағы алтыншы орыннан көрінді (7 685; +27,9%). Тізімде тағы Changan (7 001; +26,4%), Geely (6 672; +37,4%), Jac (6 653; -9,6%) және Toyota (6 540; +1,6%) бар.