16 мамырдан бері қазақстандықтар жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша құны 77 млрд теңге болатын 10 015 автокөлікке ие болды. Бұл туралы Индустриялық даму қорының (ИДҚ) баспасөз қызметі хабарлады.

19 тамыздағы жағдай бойынша бағдарлама бойынша 31 538 өтініш қабылданды. Оның 12 483-і 95,5 млрд теңгеге мақұлданды.

Сондай-ақ ИДҚ Еуразиялық банкке қалған 10 миллиард теңге лимит бөлгені хабарланды. 

Қордан барлығы 100 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Eurasian – 35 млрд теңге, ЦКБ – 27,5 млрд теңге, Халық банкі – 22,5 млрд теңге, Forte – 15 млрд теңге алған.

Бағдарлама бойынша өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындарынан түскен (7 031). Екінші орында 5381 өтінішпен елорда. Шымкентте 4664 өтініш берілген. Өтініштердің ең азы Түркістан облысында (148) берілген.

ИДҚ айналмалы механизм 2022 жылдың қыркүйегінде іске қосылатынын айтты.