2026 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9512,1 млрд теңге болды, бұл 2025 жылғы қаңтар-маусымнан (салыстырмалы бағамен) 9,6% көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ өсуі Ұлытау (2 есе), Жамбыл (59,6%), Түркістан (44,4%), Абай (23,2%), Батыс Қазақстан (23%) және Алматы (18,5%) облыстарында.

Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ төмендеуі Жетісу (21,6%) облысында, Шымкент қаласы (20%), Қарағанды (10,3%) және Солтүстік Қазақстан (3,2%) облыстарында байқалады.
Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2026 жылғы қаңтар-маусымда 6544,4 млрд.теңгені немесе жалпы көлемнің 68,8%.
Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 13,4%,бұл ретте 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 32,8% азайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 5,2% алады.
2026 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (41,4%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (13,8%), өңдеу өнеркәсібіне (15%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,8%), көлік және қоймалауға (15,9%) және ауыл,орман және балық шаруашылығы (6,2%) тиесілі.