OLX Қазақстан аналитикалық қызметінің дерегінше, 2025 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша, жаңа электр пештің орташа бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 32 703 теңгеден 36 951 теңгеге дейін көтерілді – шамамен 13% қымбаттаған.
Сонымен қатар жаңа құрылғылар туралы хабарландыру саны 1 378-ден 1 046-ға дейін азайған.
Қолданылған құрылғылар бойынша жағдай керісінше: олардың орташа бағасы 24 400 теңгеден 19 346 теңгеге дейін төмендеген (шамамен 21%), ал хабарландыру саны 1 310-нан 1 379-ға дейін артқан.
Маңызды көрсеткіштердің бірі – пайдаланушылардың белсенділігі: 2025 жылы жаңа үлгілер туралы хабарландырулар 3 432 жауап жинаса, қолданылған нұсқаларға 3 215 жауап келген.
Айта кетейік, тоқпеш таңдауда оның қуатына назар аудару қажет: 10–15 м² бөлме үшін әдетте 1–1,5 кВт жеткілікті, ал үлкенірек бөлмелерге 2–3 кВт қажет. Қуаты тым төмен құрылғы бөлмені бірқалыпты жылыта алмай, үнемі жұмыс істейді де, энергияны көбірек жұмсайды. Ал қуаты жоғары, бірақ автоматты терморегуляторы бар құрылғы тиімдірек болады.