2024 жылғы 31 мамырда  сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының e-qazyna.kz сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді.

2024 жылғы  6 наурызда  электрондық аукционға шығарылған 24 учаскенің 9 учаскесі бойынша аукцион 31 мамырда өткізілетін болады, ал қалған 15 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.

Анықтама ретінде: 15 жер қойнауы учаскесінің ішіндегі Равнинное учаскесі  бойынша Кодекстің 99-бабының 1-тармағына сәйкес, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады,ондағы қол қою бонусының мөлшері  – 84,7 млн. теңгені және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалау құны – 2,5 млн. АҚШ долларын құрайды.

Аукционға шығарылатын 9 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері шамамен – 227,9 млн. теңгені құрайды. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін 7 жер қойнауы  учаскесі бойынша - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалану құны 45 млн. АҚШ долларын құрайды.

Аукционның барысын кез-келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды: