Fix Price Group PLC компаниясы Кипрден «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) қайта тіркелді. Көшу процесі – редомициляция – компанияның бүкіл бизнес-құрылымымен, компанияның қолданыстағы шарттарымен және міндеттемелерімен заңды тұлға мәртебесін сақтай отырып, юрисдикциясын өзгертетуін білдіреді.

Fix Price-тың АХҚО-ға редомициляциясы осы жылдың маусым айында өтті. Бұл іс-шара компания мен АХҚО арасындағы бір жылға жуық уақытқа созылған үйлестіру жұмыстарының нәтижесі болды.

Fix Price Group холдингтік компаниясы және оның жергілікті еншілес ұйымдары әлемнің 9 елінде Fix Price халықаралық брендімен 6,5 мыңнан астам дүкенді басқарады, ірі қатысу нарықтары – Ресей, Беларусь және Қазақстан. Қазақстанда желі «Бэст Прайс Қазақстан ЖШС» жергілікті еншілес компаниясы арқылы 300-ден астам сауда нүктесін басқарады және 1,9 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Орталықтың комплаенс саласындағы жоғары стандарттары және халықаралық деңгейде танылған реттеуші тәсілдері бизнесті юрисдикцияға тарта отырып, ел ішінде және өңірде әділ әрі ашық қаржы нарығы мен капитал нарығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды. Fix Price жоғары капиталдандырылған ірі жария компания ретінде АХҚО-ның халықаралық компаниялар үшін қолайлы юрисдикция ретіндегі позициясын күшейтеді, оның ішінде аймаққа жаңа инвесторлар мен стейкхолдерлерді тартады», — дейді АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров.

Компанияның өз хабарлауынша, Қазақстанға редомициляция Fix Price Group-тың капитал мен жаңа инвесторларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, қазіргі стейкхолдерлермен жұмыс істеу процесін жеңілдетеді. Компанияның өзі үшін артықшылықтардан басқа, Fix Price Group халықаралық компаниясының бағалы қағаздарының қосылуы АХҚО-ның өңірдегі маңызды қаржы хабы ретінде одан әрі дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз.

Fix Price Group PLC АХҚО-ға басқа юрисдикциядан редомициляцияланған жетінші компания. Алғашқы редомициляция 2019 жылы орын алды, ол кезде Kazakhstan Energy Reinsurance Company Бермуд юрисдикциясынан АХҚО-ға редомициляцияланған еді. Өткен жылы Орталыққа тау-кен өндіру саласының алпауыты Polymetal International Plc (2024 жылғы маусымнан бастап Solidcore Resources plc), сондай-ақ Tselina Capital Limited және Cheltenham Group Limited холдингтік компаниялары көшіп келді.  Биыл тағы екі компания көшіп келді, олар – Specta Group Ltd. және KAZ Minerals Holding Limited.