Brent бағасы 14% төмендегеніне қарамастан, ҚазМұнайГаз табысын 7 трлн теңгеге дейін ұлғайтты (+11,2%). Өсімнің негізгі факторлары – теңгенің әлсіреуі, KMG International-де қайта өңдеудің қалпына келуі және мұнай өнімдерін сатудың артуы.
Таза пайда 12,8% өсіп, 978 млрд теңгеге жетті, ал түзетілген пайда 1 181 млрд теңгені құрады (+16%). Бұл өсімге бірлескен кәсіпорындар пайдасындағы үлестің артуы, айырбас бағамынан түскен кіріс және құнсыздану көлемінің азаюы әсер етті.
EBITDA және шығындар
EBITDA 1,8 трлн теңгеге дейін (+11,8%), ал түзетілген EBITDA 2 трлн теңгеге дейін өсті (+13,7%).
Шығындар қалыпты өсті: сатып алынған шикізаттың өзіндік құны +16,2%, өндірістік шығындар +12,8%. Ал жалпы және әкімшілік шығындар сенімгерлік басқаруға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен 15,1% азайды.
Ақша ағындары
Еркін ақша ағыны 1 трлн теңгеге дейін өсті (+8,1%). Бұл операциялық ақша ағындарының артуы және БК-ден түскен дивидендтердің ұлғаюы есебінен болды.
Ақша қаражаттары мен депозиттер 29,4% өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті, бұл компанияның өтімділігін күрт жақсартты.
Қарыз ауыртпалығы
Жалпы қарыз 4,1 трлн теңгені құрады (+4%), бірақ доллармен есептегенде аздап төмендеді.
Таза қарыз 57,3% азайып, 496 млрд теңгеге дейін төмендеді — бұл кейінгі жылдардағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі.
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай мен конденсат өндіру: +10%; Газ өндіру: +20,1%; Қайта өңдеу: +11,7%; Тасымалдау: –1,1% болды.
Өндіру көлемінің өсуіне Теңіз және жөндеу шектеулерінің жойылуы әсер етті, ал қайта өңдеу KMG International жұмысының тұрақты режимде жүруі есебінен артты.