Мәжілісте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистерге ұлттық валютаның бағамындағы өзгерісті түсіндірді.

Оның айтуынша, 2023 жылдың соңында Қазақстан экономикасы 5,1% өсті – теңге 1,7% нығайды. Жыл басынан бері ұлттық валюта тағы 1,7% нығайды. Барлығы 3,4%. Факторлар – үлкен сауда профицитіне байланысты күшті төлем балансы.

Биыл теңгенің нығаюына Ұлттық қордан түскен қосымша трансферттер әсер етті.

Мемлекеттік бюджет қиындықтарды бастан кешіруде. Салықтың аз жиналуы. Соған сәйкес аударымдар көлемі де өсті. 5 айда жылдық көлемнің 70%-ын саттық.

Трансферттерді сату деген нені білдіреді? Бұл валюталық активтерден алу деген сөз, өйткені Ұлттық қор доллармен сақталады, оны биржаға әкеліп, сатып, теңгеге айырбастап, Қаржы министрлігіне береді. Биржаға қосымша доллар әкелгенде, бұл нені білдіреді? Бұл ұсыныс өседі, яғни доллар бағасы төмендейді.

Оның айтуынша, валюта нарығындағы Ұлттық банкқатысуы екі есе қысқарды. Тиісінше, теңге өзінің әділ әлсіз бағамына оралды.

«Маусым айынан бастап 2 есе аз сата бастадық, қатысуымыз 2 есе азайды. Тиісінше, теңге өзінің әділ фкндаменталды құнына қайта оралды, ол болуы керек еді», — дейді.

Валюта бағамы – экономиканың мықтылығының көрсеткіші. Экономика өссе, импорттан гөрі экспортқа көп тауап шығып, экономиканы әртараптандырсақ, валюта бағамы тұрақты болады. Валюта бағамы өз алдына бір нәрсе емес, ол экономиканың мықтылығының нақты көрсеткіші.