Екібастұзда Теміржол көлігі қызметкерлері күні қаланың көптен күткен оқиғаларының біріне айналды. Жыл сайын ауқымды мерекені қала әкімдігінің қолдауымен RWS KZ холдингі ұйымдастырады. Биыл орталық алаңға 100 мыңнан астам адам жиналды. Концертке Павлодар, Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының тұрғындары келді. Кеш атмосферасын «Ирина Кайратовна» тобы, Бауыржан Исаев және«Астана» КТК командасы жүргізушілері жасады.
Мерекенің басты кейіпкерлері – теміржол саласының дамуына үлес қосып жүрген жандар болды. Салтанатты бағдарлама жаңа технологияларды енгізудің бастауында тұрған қызметкерлерді құрметтеуден басталды. Бүгінде RWS KZ тарихы заманауи өнеркәсіптік кәсіпорынның тұтас өңірдің дамуына серпін беретін қозғаушы күшке айнала алатынын айқын көрсетіп отыр.
«Мемлекет жүргізіп отырған саясаттың арқасында біз Екібастұзды көп қырлы индустриялық орталық ретінде дамытудың мүлдем жаңа бағытын құра алдық. Бүгінде теміржол холдингін құруға 1 триллионнан астам теңге инвестиция жасалса, 2025 жылы айналымы 650 миллиард теңгеден асты. RWS KZ-те біз теміржол өнімдерінің 137 түрін шығарамыз, негізгі бөлігі экспортқа шығарылады және қазірдің өзінде қызығушылық тудыратын орталыққа айналып жатқан «Жаңа Екібастұзды» құрамыз», – деді құттықтау сөзінде RWS KZ холдингінің бас директоры Сергей Павлингер.
Холдинг екінші жыл қатарынан буын сабақтастығына баса назар аударып келеді. «RWS KZ күміс жұлдызы»әрқайсысының жалпы еңбек өтілі 21 жылдан 32 жылға дейінгі Пищенко, Каримановтар, Карташовтар, Вовчок, Мироненко, Абросимовтар, Маковецкийлер, Валиевтер, Сергеевтер, Хатамовтар, Карбаевтар еңбек әулеттеріне табысталды.

Еңбек сіңірген жылдары үшін марапатты компанияда 10 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлер алды: зертхана меңгерушісінің орынбасары Салтанат Абильдинова; металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі слесарь Сергей Головко; шебер Андрей Рыбальченко; электр және газбен дәнекерлеуші Алмас Перваев; жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь Александр Силантьев; жөндеуді жоспарлау және басқару бөлімінің бастығы Олег Шиян; прокат және құбыр термисті Алия Абдрахманова; сылақшы Марина Кадина; учаске бастығы Виталий Приматов; құрал бойынша инженер Олег Бочанов; жылумен жабдықтау, желдету, компрессорлық қондырғылардың байланыс бөлімінің бастығы Вячеслав Выдрин; көлік жүргізушісі Михаил Шрайнер; жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрик Бекболат Кажыбаев; бағдарламалық басқарылатын білдектердің операторы Светлана Слынько; апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Сунат Байбеков; кран шаруашылығы учаскесінің бастығы Виталий Буханцев; локомотив шаруашылығы учаскесінің бастығы Руслан Ведерников.
Марапаттау рәсімі үлкен мерекелік күннің бір бөлігі ғана болды. Бұл күні іс-шаралар холдингтің барлық кәсіпорындарын біріктірді. Тікелей эфир Екібастұз бен Петропавл арасында жүргізіліп, соңғысында RWS дауысыталанттар байқауының финалы өтті. Солтүстік Қазақстан облысында да әнші Наzиманың және жүргізуші Олжас Рымбаевтің («Астана» КТК командасы) қатысуымен мерекелік концерт бастау алды.

Бағдарламаның ең күткен сәттерінің бірі барлық RWS KZ зауыттарының жұмыскерлері арасындағы корпоративтік лотерея болды. Қызметкерлердің табельдік нөмірлері кездейсоқ түрде анықталды, олар 500 000 теңгелік үш сертификатқа, номиналы 1 000 000 теңгелік бір сертификатқа, сондай-ақ бас жүлде – автокөлікке петропавлдық RWS Wagon (бұрын ЗИКСТО) алаңының қызметкері ие болды.
Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахнаға алғаш болып «Ирина Кайратовна» тобы шығып, өздерінің ең танымал хиттерімен қатар Екібастұздың бейресми әнұранын орындады. Одан кейін сахнада Сергей Жуков жалғастырып, орталық алаңды би залына айналдырды.Әртістердің өнер көрсетуі арасындағы үзілістерде «Астана» КТК командасы көрермендердің көтеріңкі көңіл-күйін сақтап отырды. Кештің ерекше әрі әсерлі сәттерінің бірі – Бауыржан Исаевтың өнер көрсетуі болды. Ол 2025 жылы Екібастұзда түсірілген «Қызым» фильмінің басты әнін орындады. Ал кештің шарықтау шегі ретінде 100 мыңнан астам көрермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге шырқады. Бұл игі дәстүр бүгінде Екібастұздағы Теміржолшылар күнін мерекелеудің ажырамас бөлігіне айналды.

RWS KZ соңғы бірнеше жылда Екібастұздағы ең ірі қалалық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болды. RWS RUN жартылай марафоны, Наурыз, Теміржол көлігі қызметкерлері күні – Екібастұздың әлеуметтік және мәдени күн тәртібін кеңейтіп, оны мыңдаған адамдардың назарын аударатын орынға айналдыратын ірі қоғамдық іс-шаралар.
Жарқын концерттік бағдарламаның түпкі мәні – кез келген ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның басты күші адам екендігін көрсету. Дәл осы жандардың еңбегі мен кәсібилігінің арқасында RWS KZ тұрақты дамып келеді. Сондықтан Теміржолшылар күні RWS KZ үшін жай ғана кәсіби мереке емес. Бұл – қызметкерлерге, олардың отбасыларына және өз болашағын теміржол саласы мен Екібастұздың дамуымен байланыстырған барша азаматқа көрсетілетін құрмет пен алғыс күні.
Дегенмен, ауқымды мерекелер компанияның жүйелі жұмысының бір бөлігі ғана. RWS KZ холдинг пен қаланың дамуын алдағы жылдарға айқындайтын ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруда.
«Қуаттылығы жылына 1 миллион тонна болат болатын электр болат балқыту кешенін салу бойынша жобалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қуаттылығы жылына 1,5 миллион тонна ыстықтай брикеттелген темір өндіру бойынша зауытты іске асыру басталды. Бұл өндірістерге әр түрлі мамандықтағы 3000-нан астам өкілдер тартылатын болады. Осыған байланысты біз кешегі түлектерге болашақ дамуының берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін ауқымды әлеуметтік бағдарлама дайындап жатырмыз. Олардың өмірінде жарқын із қалдыруға және даму бағытыннақты қалыптастыруға жарқын мүмкіндіктері болады», – деді Сергей Павлингер жаңа жоспарларымен бөлісіп.
Компания мамандарды тарту үшін лайықты жалақы ұсыну жеткіліксіз, адамдар өз болашағын құрғысы келетін ортаны құру маңызды деп санайды. Сергей Павлингердің айтуынша қазір компанияда 8000-нан астам адам жұмыс істейді, олардың орташа жасы 32-де.
Қызметкерлер үшін корпоративтік тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді. Біліктілігін арттыруға болатын жеке корпоративтік оқу орталығы, сондай-ақ спорт кешені де бар. Сергей Павлингер 2026 жылы тұрғын үй кешенінің, қонақүйдің, балабақшаның және техникалық колледждің құрылысы басталғанын атап өтті. Мұндай тәсіл Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан және басқа елдерден мамандарды тартуға көмектеседі, ал Екібастұз жұмысынды тауып, ұзақ мерзімді өмірлік жоспарлар құра алатын қалаға айналуда.
Сондықтан Екібастұзда теміржол көлігі қызметкерлері күні тек корпоративтік мереке ғана емес, ол өндірістің дамуы қаланы қалай өзгертетінін, адамдарды біріктіріп, болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтынын көрсетті.