Қаңтар-мамыр айларында табак, сигара және темекі өндірісі 92,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен номиналды түрде 17% (18,3 млрд теңгеге) аз.
Бес айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеді және қазіргі құлдырау қарқыны 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Бір қызығы, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезең өндіріс жыл сайын орта есеппен 55% өскен.
Қазір неге құлдырап кетті десеңіз, өндірілген темекі өнімдерінің саны азайған. Баға төмендеген жоқ. Мұндай өнімдер жыл сайын қымбаттайды, соның ішінде акциздердің өсуі салдарынан.
Мәселен, физикалық тұрғыдан алғанда темекі өнімдерінің өндірісі іс жүзінде төмендеді, бірақ құндық көрсеткіштен біршама азырақ – 10%, 5,9 млрд данаға дейін.
Басқаша айтқанда, соңғы жылдары өндіріс құны динамикасы тауар данасыны динамикасымен тікелей байланысты: біреуі өссе, екіншісі де өседі және керісінше. Бұл ретте өсім кезінде құндық көлем физикалық көлемнен әлдеқайда жылдам өседі, бұл темекі өнімдерінің қымбаттауымен байланысты.
Ал бағаның қымбаттауына келер болсақ, соғғы 10 жылдағы қаңтар-мамырдағы орташа көрсеткіш 14,8% (бір жылда). 2024 жылы тіпті 17,4% қымбаттаған.
Демек қазақстандықтар темекіні аз тарта бастады ма?
Қаңтар-наурызда темекі мен табактың отандық өндірісі бір жыл ішінде 11% азайып, барлық қолда бар ресурстардың тек жартысын – 3,2 млрд данасын құрады. Бұл ретте импорт 3,7 есе өсіп, 3,4 млрд бірлікке жетті. Сайып келгенде, ішкі нарықта темекі мен табак сатылымы 5% өсіп, 5,7 млрд данаға жетті. Қазақстандықтар, керісінше, көп темекі тарта бастаған екен.
Темекі өнеркәсібіндегі жағдайға елге контрабандалық жолмен әкелінгендерді қоса алғанда, вейптердің/электрондық темекілердің үстемдігі әсер етуі мүмкін екенін қосу керек. Айтпақшы, мұндай құрылғыларды өндіруге, әкелуге және айналымына тыйым салатын заң ертең, 20 маусымда күшіне енеді. Бұл шешім балалар мен жастарды никотинге тәуелділіктен қорғау мақсатында қабылданды.