Қазіргі bigtech «көпіршігі» 90-жылдардың соңындағы «dot-com көпіршігінен» екі есе асып кеткен. Яғни, тоқсаныншы жылдардағы интернет пайда болған кездегі дүрбелеңде көп компаниялар орынды-орынсыз күрт қымбаттаған. Ал қазіргі алпауыт технология компанияларының қарқынды қымбаттауы сол кездегі қарқыннан екі есе көп болып тұр. 90-жылдары «доткомдар» 30% қымбаттаса, қазіргі өсім қарқыны 60%.

Сонымен қатар, негізгі жасанды интеллект әзірлеушілері өз инвестицияларын қалай және қанша уақытта қайтаруды жоспарлайтыны туралы әлі нақты жауап бере алмай отыр. 

Goldman Sachs есебінше, алдағы жылдары IT алпауыттары жасанды интеллекте салатын инвестицтясын 1 трлн доллардан асырмақ.  Blackstone компаниясы АҚШ-тан тыс инвестицияларды қосқанда көрсеткіштің 2 трлн доллар болуы мүмкін екенін айтады.