Mondelēz International компаниясы JD Expert агенттігімен бірлесіп Қазақстан тұрғындарының тамақтанудағы әдеттеріндегі үш трендке қатысты екінші жылсайынғы тұтыну сауалнамасын өткізді. Онлайн-сауалнама Қазақстанның 22 қаласынан 422 респондентті қамтыды.

«Зерттеу қорытындысы бойынша біз Қазақстанда көп адам өнімдердің құрамын қарайтыны мен олардың қоректік құндылығын білгісі келетініне көз жеткіздік. «Дұрыс мөлшер» атты біздің ғаламдық тәсіліміздің аясында біз мөлшерленіп жеке оралған қаптамалар мен мөлшері көрсетілген затбелгілердегі ақпарат көмегімен мөлшерленген өнімдерді және саналы әдеттерді насихаттаймыз. 2024 жылдың аяғына дейін бүкіл осындай ақпарат біздің Қазақстандағы негізгі дорбамыздың затбелгілерінде болады, бұл тұтынушыларымыз үшін пайдалы болады деп үміттенеміз», — дейді Mondelēz International-дың Еуразия елдеріндегі басқарушы директоры Олег Савчук.

Тұтынушылардың тамақтану мен жеңіл тағамдарға қатысты әдеттері бойынша зерттеу келесіні көрсетті:

1. Адамдардың офлайн-форматқа толықтай ауысуы – кеңселер мен оқу орындарына оралуы – олардың күні бойы уақытты бөлуіне әсер етті, сондай-ақ жалақы мен оны жұмсау арақатынасын өзгертті. Мәжбүрлі жұмсау көлемі артып келеді – сыртқы түрі, көлікке жұмсау. Жеке уақыт азайды, әлеуметтік байланыстар мен бос уақыттың ұжымдық түрлері жаңарды.

2. Тамақтану сапасын сезіну табыстың іс жүзіндегі деңгейіне тікелей байланысты емес. Ол көбінесе барлық әлеуметтік процестерге, адамның көңіл күйіне, эмоционалды қалпына байланысты.

3. Бүгінгі тұтынушы психологиясында қанағаттануды немесе тапшылықты (уақыт, ақша, назар, ләззат) эмоционалды сезіну сатып алуышының таңдауы үшін шешуші фактор.

4. Дайын тамақ пен азық-түлік жеткізу қарқынды өсуде, 2024 жылы жеткізуді респонденттердің 26% қолданамыз деді және таңдады, 2023 жылы бұл 16% болған. Бұл тек қала тұрғындарына қатысты.

5. Тамақ сатып алу үшін ең жақын сауда орнын таңдау 2024 жылы 26% дейін азайды, салыстырмалы түрде 2023 жылы 39% болған. Жоспары сатып алу тап қазіргі қалаумен бәсекеге келді.

6. Сатып алушылардың тұрмыстық әдеттері ұйымдастырылған, алдын ала сатып алу, оның ішінде онлайн-жеткізу және ұжымдастармен бірлесіп сатып алудың пайдасына өзгерді. Бұл респонденттердің тамақтану процесін ойластыру жағына қарай уақытты ауыстыруын және жағдайға қарай жеңіл тағам жей салуды азайтуын көрсетеді. Сонымен бірге үйдің ішінде тамақтанудың үлесі азайды.

7. Жеңіл тағам жеу форматында өзін өзі еркелетуге, жұмыс пен стресті ұмытуға, тынышталуға мүмкіндік беретін жағы маңызды болып барады.

«Шоколад Қазақстан тұрғындарының жеңіл тағам ішіндегі ең сүйіктісі болып қала береді. Сауалнамаға қатысқан тұтынушылардың жартысынан көбі шоколадты үнемі, аптасына бір рет немесе одан да жиі жейтінін айтты. Біз Қазақстанда тек шоколад санатында ғана емес, бискиттер мен пісірімдер санатындағы өнімдер мен дәмдерді де қуана ұсынамыз. Mondelēz International Қазақстанда шоколад плиткалары нарығында көш бастайды және аса ірі шоколад өндірушілер үштігіне енеді. Бұған қоса, компания ғаламдық деңгейде бисквиттер санатында танымал көшбасшы, бұл осы санаттың қазақстандық нарықта әрі қарай дамуына септігін тигізеді», — дейді Mondelēz International-дің Еуропа елдеріндегі маркетинг жөніндегі директоры Мария Комбарова.

Қазақстандықтар нені жақсы көреді:

8. Тамақтану мен жеңіл тағам жеу кезінде достық қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің маңызы артады. Жұмыс мәселелерін ұмытып, достармен бірге дәм тату. Сәйкесінше, негізінен адамдар тобына арналған тауар топтамаларында өнім санаттары өседі – шай мен кофе, печенье мен кәмпит, шекілдеуік пен жаңғақтар, бидай түрлерінен жасалған батончиктер, сағыз.

9. Тұтыну принципінің үш басты тренді – дәстүрлі тамақтануды таңдау азаюы, жеңіл тағам жеудің еуропалық нұсқасын таңдаудың артуы, ірі өндірушілердің өнімдерін таңдаудың өсуі.

10. Импульстік тұтыну мен тап сол сәттегі қалау бойынша сатып алудың мәжбүрлі азаюының орнын ерекше дәм, эстетикалы затбелгілер арқылы жедел ләззат алу толтырады. Шоколад әлеуметтік өнім позициясын өзіне қайтарды, басқа адамдарға қамқорлық, оларды құрметтеу, тіпті сыйлауын көрсету әдісі болып келеді.

11. Тұтынушылардың тексерілген және кепілді түрде пайдалы өнімдерге деген қызығушылығы тренді қалыптасып келеді. Сапа кепілдігі, ұсыным, «менің көзімше» жаңа пісірлгенінің дәлелі, өнімдерді өндірушінің абыройы сияқты факторлар маңызды болып келеді.

12. Маркетинг құралдарының арасында алдыңғы қатарға сторителлинг және қаптамалардың, затбелгілердің өнеркәсіптік дизайны шығып жатыр.