Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді), деп хабарлайды ranking.kz.
Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге, ақшалай түрде жылына 37,3% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (728,7 млн теңге, 4,4% аз) және Алматы (499,6 млн теңге, 27,1% аз) қалалары кірді. Ең аз кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды: бар болғаны 0,4 млн теңге.
Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1% артық. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7% өсіп, 20,7 млрд жкм құрады.
Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде такси ақысы 9% өскен.
Өңірлер бойынша Жетісу облысында баға айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 37,7%. Одан кейін Алматы облысы мен Абай облысы: тиісінше 28,1% және 21,2%.
Баға ең аз өскен өңір Ақмола облысы: 0,5% ғана. Тағы төрт облыста – Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Такси операторлары жүргізушілер үшін әлеуметтік аударымдар жасауға мәжбүр болады, деп хабарлайды Хабар24. Мұндай талап оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қойылған.
Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова 150 мыңнан астам қазақстандық таксист болып жұмыс істейтінін, олар әлеуметтік қорғауды қажет ететінін атап өтті. Мысалы, қазір ауырған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды. Жүргізушілер де тегін медициналық қызмет ала алмайды.