Astana International Exchange ұйымдастыруымен астанада Қаржылық сауаттылық форумы өтті.
«Біздің биржамыз үшін Қазақстанда бөлшек инвесторлар санының өскені маңызды. Акциялар, облигациялар, биржалық қорлар мен ноталар жылжымайтын мүлік пен банктік депозит секілді қалыпты нәрсеге айналуы керек", деді өз сөзінде AIX биржасының басқарма төрағасы Ренат Бектуров.
"Tabys қосымшасының пайдаланушылары 10 айда 1,8 млн доллар салды. Ал қосымшадағы жалпы қаржы айналымы 10 айда 3 млн долларға жетті. Бұл шамамен 120 мың транзакция. Біз тұрақты түрде жаңарып, жаңа қызметтер қосып отырмыз. Мәселен, көпшлілік Tabys арқылы криптовалюта алғысы келеді. Бұл мәселені де алдағы уақытта қараймыз. Жеке инвестиция үшін ашылған бұл қосымша халықтың сұранысы үшін жұмыс істейді", деді Tabys тобының өкілі Расул Хасанов.
The Room Invest сарапшысы Нұрғали Нұрмахамбетовтың айтуынша, инвестиция қазір кез келген адам үшін ашық. Алдымен теориялық білім алып, одан кейін тәжірибеде байқау керек.
QuantDart компаниясының бизнесті дамыту бойынша бас менеджері Гимран Абдрахманов инвестиция салғанда артық ақшаңызды және жоғалтуға өкінбейтіндей соманы салуды кеңес береді.
«Егер нарық өсіп жатса, кез келген адам қаражат таба алады. Мен ең маңызды ретінде тапқан табысты жоғалтпауды атар едім. Криптовалюта қарқынды өсіп келеді. Солай қарқынды құлауы да мүмкін. Тапқаныңызды дер кезінде алып кете алу маңызды. Қазір криптовалютаның даму кезеңі 90 жылдардағы интернеттің пайда болғаны сияқты. Алдағы 20 жылда көп нәрсе өзгереді» дейді ON PROFIT invest негізін қалаушы криптотрейдинг бойынша маман Олег Ни
"Қаржы консультанттары бар және қаржы коучтары бар. Коуч - сауатыңызды арттырушы. Қазір бұл саланы ешкім қадағаламайды. Ендігі кезең - қаржылық консультанттар. Адамдар инвестиция салған кезде оған кеңес берушінің рұқсаты мен лицензиясын қарайды. Қаржылық сауатты арттырып, брокерді тексере алатындай болу керек" дейді AFSA саясат және стратегия департаментінің аға сарапшысы Айнұр Қыдырбаева.
«Сбережения и инвестиции» оқулығының авторы Александр Репников та осы оймен келісе отырып, әлеуметтік желідегі "қаржылық консультанттарды" тыңдамай, ресми қауымдастықтарға, биржаға және осы саладағы мамандарға көбірек қарау керектігін айтады.