2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда өндірілген табиғи газ көлемі алдыңғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2,6% азайып 49,1 млрд куб. метрді құрады. Көрсеткіш төрт жыл қатарынан төмендеп келеді.
49,1 млрд куб. метр табиғи газдың кәдімгі газ түріндегі көлемі 19,5 млрд куб. метрді құрады. Ал мұнайға қосымша газ көлемі 29,6 млрд куб. м.
Өңірлер бойынша газ өндірісі негізінен Атырау (22,5 млрд куб. м), Батыс Қазақстан (17,6 млрд куб. м), Ақтөбе (5,2 млрд куб. м) және Маңғыстау (2,6 млрд куб. м) облыстары.
Өңдеу бойынша, он бір айда 2,4 млн тонна сұйытылған пропан мен бутан өндірілді. Бұл алдыңғы жылдағыдан 0,5% көп. Пропан мен бутан өндірісі алтыншы жыл қатарынан көбейіп келеді.
2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында шамамен 1,5 млн тонна сұйытылған пропан мен бутан экспортталды. Бұл жалпы көрсеткіштің 68,8%-ы. Көрсеткіш алдыңғы жылдағыдан 7,6% азайған.
Ішкі нарықта сату көрсеткіші 24,5%-дан 31,2%-ға жетіп, 676,8 мың тонна болды.
Сонымен қатар осы уақыт аралығында 40,1 тонна пропан мен бутан импортталған. Былтырғыдан 38,4% аз.