Сауда және интеграция министрімен кездесуге республикалық маңызы бар 20-дан астам сауда желісі қатысты. Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы күрделі жағдайға байланысты СИМ басшысы ірі ритейл-компанияларын азық-түлік қорының қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізуге шақырды.

«Төрт өңірге көбірек көңіл бөлу қажет. Осы өңірлерде бірінші кезекте ең қажетті негізгі тауарларды жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуіміз керек. Қойма қорларын жедел ауыстыру үшін жергілікті атқарушы органдармен және біздің аумақтық бөлімшелермен іс-қимыл алгоритмі бар. Азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы бізге тез арада хабарлауыңызды сұраймыз», — деді Арман Шаққалиев.

Ол сондай-ақ Үкімет су тасқынынан зардап шеккен сауда нысандарына келтірілген зиянды өтеу механизмді пысықталып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде су басқан облыстарда өз сауда нүктелері бар ритейл-компаниялар қажетті деген азық-түлік қоры жеткілікті екенін және тауарларды үзіліссіз жеткізіп жатқанын хабарлады. Тауарлар қоры көбейді, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр. Атырау облысында азық-түлікті релокациялау схемасы жасалды. Қажетті тауар қоры Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында да бар - мұнда азық-түлік жеткізу үздіксіз жүріп жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша министр Арман Шаққалиев кәсіпкерлерге резервтерді арттыру бойынша қабылданған жедел шаралар үшін алғысын білдіріп, министрліктің уақтылы әрекет етуі және тәуекелдерді азайту үшін логистикаға қатысты ықтимал проблемалар туралы жедел хабарлауға шақырды.