Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі зардап шеккен аймақтардағы су тасқыны салдарынан халыққа материалдық шығын 6 млрд теңгеден асуы мүмкін. Келтірілген шығынның жартысынан астамы Ақтөбе облысында болды, ауылдық елді мекендердегі барлық жеке тұрғын үйлердің 1,8%-ын су басқан, деп хабарлайды«Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
«Еуразия» СК мамандарының есептеулеріне жылжымайтын мүлікке ықтимал залал, жоғалған және бүлінген мүлік, соның ішінде тұрмыстық заттар, көлік және ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиесілі өлген мал кіреді. Мемлекеттік органдар бүлінген инфрақұрылым объектілеріне: автомобиль жолдары, көпірлер, темір жолдар, байланыс желілері, электр беру және сумен жабдықтау, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке келтірілген залалды бөлек бағалауға мәжбүр болады.
Компания келтірілген шығынның нақты көлемі туралы айту әлі ерте екенін, есептеулер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері негізінде жасалғанын атап өтті. Бағалау мамандары әзірге су тасқыны аймағындағы барлық бүлінген объектілерді тексеріп, нақты шығын көлемін анықтаған жоқ. Тұруға мүлдем жарамсыз немесе қауіпті апатты тұрғын үйлер, сондай-ақ басқа ғимараттар бұзылады.
«Біздің есеп консервативті бағалауға негізделген, азаматтарға келтірілген нақты шығын айтарлықтай көп болуы мүмкін. Өкінішке қарай, су басқан аймақтарда сақтандыру өте төмен деңгейде. «Еуразия» СК су тасқынынан зардап шеккендерден, соның ішінде КАСКО ерікті сақтандыру шарттары бойынша автокөлік құралдары иелерінен өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты», - деді «Еуразия» СК басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.
Айта кету керек, апат аймағындағы жылжымайтын мүліктің басым көпшілігі сақтандырылған жоқ, жалпы алғанда, зардап шеккен аймақтардағы жылжымайтын мүліктің 1%-дан азы сақтандырылған. Осылайша, келтірілген залалды өтеуді қазірдің өзінде ресми түрде жарияланған мемлекет, сондай-ақ әртүрлі қайырымдылық ұйымдары, соның ішінде жеке адамдар мен кәсіпорындардың қайырымдылықтары арқылы айналысатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың басында Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендердегі 41,6 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер ресми тіркелген. Су тасқыны салдарынан олардың 1,8 пайыздан астамы зардап шекті. Қалалық елді мекендерді есепке алғанда облыста 92,7 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында 1,5 мыңға жуық тұрғын үй су басу аймағында болды, 17 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.
«Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі су тасқынына байланысты төтенше жағдай көптеген басқа елдердегі сияқты бүкіл елде апатты тәуекелдерден жаппай міндетті сақтандыру бағдарламасын әзірлеу және енгізу қажеттілігі туралы мәселені тағы да көтеріп отыр. Өкінішке орай, көктемде көп су келеді, оның салдарын әр уақытта бюджет есебінен жою үшін мемлекеттің ресурстары шексіз емес», - дейді Нұржан Жантөреев.