Солтүстік Қазақстанға көшіңіздер немесе ниет білдірген қоныс аударушыларға қандай жағдай жасалады, деп жазды Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғани Нығметов фейсбуктегі парақшасында.
"Солтүстік Қазақстан облысы елдегі көші-қон сальдосы теріс ең халқы аз өңір болып табылатыны мәлім. Бұл ұлттық және де экономикалық қауіпсіздік факторын білдіреді. Өйткені еңбек ресурстарының тапшылығы – өңір экономикасы үшін елеулі мәселе.
Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламалар аясында 2016 жылдан өңірге 5700 жуық қонысаударушылар тартылды, оның бірінші жылдары 15 % дейін түрлі себептерге байланысты кейін қайтты.
Соңғы екі жылда жағдай жақсарды, оңтүстікке кейін қайтушылар саны бірнеше есе төмендеді.
Биыл 6 айда 239 отбасы, бұл 755 адам келді. Жыл соңына дейін тағы 1500 отандастарымыз қоныс аударады деп күтілуде.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кез келген ниет білдірген тұрғыны көшіп келуіне және мемлекеттік қолдау шараларын алуына болады.
Мемлекет барлық отбасы мүшелерін көшіруге, 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау шығысын жабуға ақшалай қаражат бөледі, жұмысқа орналасуына көмектеседі. Бұдан басқа ауылдық жерге қоныс аударғандарға сатып алу құқығымен жалға тұрғын үй беріледі.
Сонымен бірге әлеуметтік келісімшартқа сәйкес қоныс аударушылар жоғарыда аталған жеңілдіктер мен басымдылықтарды алу үшін облыста кемінде 5 жыл тұруға міндеттенеді.
Бір сөзбен айтқанда мемлекетпен шынайы шартқа отыру. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін бұл нақты әлеуметтік лифт болады.
Сондықтан осы репост арқылы ағымдағы жағдайда және жаз маусымында бұл ақпарат қызықтыратын адамдар үшін қажет болуы мүмкін. Жергілікті жұмыспен қамту қызметіне жүгінуге болады.
Серпін бағдарламасы бойынша студенттер оқуға келе алады. 500 грант бөлінді!"