Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне қаржыландыруды кеңейту үшін BlueOrchard халықаралық қорынан қаржыландыру алды. Бұл қаражат шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталады.  

BlueOrchard – 20 жылдан астам тарихы бар әлеуметтік бағыттағы инвестициялау саласының пионерлері. BlueOrchard тарихында инвестицияланған қаржы көлемі шамамен 11 млрд долларды құрайды, бұл қаражатты жергілікті қаржы институттары әлем бойынша 300 млн-нан астам ШОБ-клиенттеріне жіберді. BlueOrchard тәжірибелі инвесторлар үшін және теңсіздікке әрі климаттың өзгеруі салдарына қарсы күрес саласындағы жаһандық бастамалар үшін сенімді инвестициялық серіктес. 

BlueOrchard мамандары өткізген қаржылық due diligence қорытындылары бойынша, Solva-ның жауапты бизнесті жүргізу мен клиенттерге қамқорлық көрсету қағидаттарын қатаң ұстанатыны және компанияның инвестициялық қордың стандарттарына толыққанды сәйкес келетіні аталып өтті. 2023 жылдан бастап компанияда микроқаржы ұйымдары арасында бірінші болып Қарыз алушылардың құқықтары бойынша омбудсменнің қабылдауы жұмыс істеп келеді, соңғы 12 айда борышты қайта құрылымдау 4 мың қарыз алушыларға ұсынылды.

Solva-ның әлеуметтік бағытының маңызды факторы бизнестегі әйелдер қауымын қолдау, себебі компания клиенттерінің 70% астамын кәсіпкер әйелдер құрайды. 2023 жылдың жазында Solva Қазақстан тарихында алғашқы болып 20 млрд теңгеге гендерлік облигациялардың корпоративтік шығарылымын орналастырды. Тартылған қаражаттың 100%-ы келесі 8 айда кәсіпкер әйелдерді қаржыландыруға бағытталды.

Ұсынылған қаржыландырудың экономикалық пайдасын бағалау мақсатында Solva ШОБ секторын дамытуға қосқан экономикалық және әлеуметтік үлесін бағалау бойынша кең ауқымды зерттеуді жыл сайын өткізеді. 2023 жылы 1 200 астам респондент арасында өткізілген сауалнама нәтижесінде қаржыландырудың әр 1 млн теңгесі несие алғаннан кейінгі 12 айда ШОБ табысының орта есеппен 6 млн теңгеге ұлғаюына ықпал еткені анықталды. 2023 жылда Solva-ның қаржыладыруы арқасында микро және шағын кәсіпкерлер арасында 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Ірі әлеуметтік бағыттағы инвестициялық қорлардың бірінен қаржыландыру алу – Solva командасы мен қордың бірлесіп жасаған ауқымды жұмысының нәтижесі. Серіктестігіміз Solva-ның жауапты іс-тәжірибені басшылыққа алып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылатынын дәлелдейді. Бүгінде бұл BlueOrchard-пен жасасқан алғашқы мәміле болғанымен, бұдан әрі серіктестігіміз жемісті жалғасатынына сенеміз. Сенімдері мен Қазақстандағы микро және шағын кәсіпкерлікті қолдауды дамытуға қосқан үлесі үшін серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Solva жұмыс істегеннен бері Қазақстанның барлық аймақтарынан 83 мыңнан астам кәсіпкер Solva клиенті атанып, қаржы алды, ал 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнеске несие беру көлемінің өсу қарқыны 185% құрайды. Соңғы 4 жылда компанияның ШОБ-ты қаржыландыру көлемі 97,5 млрд теңгені құрады», — дейді Solva-ның тең құрылтайшысы Александр Дунаев.