Ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектестердің жаңа сойылған немесе салқындатылған етінің өндірісі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80,2 мың тоннаға жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% артық.
Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірілді, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бірден 39,4% артық.
Қазақстандықтар арасында ең танымал ет – сиыр еті: оны тұтыну 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 18,33 кило болды – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% артық.
Одан әрі жылқы еті келеді: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кило, бір жылда 11,7% көбейген.
Қой етін тұтыну бір жылда 4% төмендеп, былтыр қаңтар-қыркүйекте орта есеппен жан басына шаққанда 4,02 килоны құрады.
Шошқа етін тұтыну 2,5% төмендеді: орта есеппен жан басына 2,46 кило.
2024 жылғы қаңтардың аяғында ет бағасы бір айда қой еті 0,1%-дан жылқы еті 0,6%-ға дейін қымбаттады.
Бір жылда бағаның айтарлықтай өсуі сиыр етінде байқалды: 8,7%. Одан кейін шошқа еті (6,7%), қой еті (6,3%) және жылқы еті (4,8%) келеді. Сонымен қатар, бір жыл бұрын сиыр еті – 10,7%, шошқа еті – 15,1%, қой еті – 12,8%, жылқы еті – 16,6% қымбаттаған.
Өңірлер ішінде сиыр еті ең көп Алматы (16,4%), Атырау (15,7%) және Ұлытау (14%-ға) облыстарында қымбаттады.
Жылқы еті ең көп қымбаттаған өңірлер Маңғыстау (11,4%) және Ұлытау (10,5%) облыстары.
Қой еті ең көп Ұлытау (13,4%), Батыс Қазақстан (12,7%) және Алматы (12%) облыстарында қымбаттады.
Шошқа еті Ақмола (18,2%) және Жамбыл (10,3%) облыстарында ең көп қымбаттады.