Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2021 жылы тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы жан басына шаққанда күніне орташа есеппен 3111 ккал құрады. 2020 жылмен салыстырғанда тұтынылатын өнімдердің калория мөлшері 9,2%-ға төмендеді (күніне 314 ккал-ға). Айта кетейік, ауылды жерлердегі халықтың тамақтануындағы энергетикалық құндылық жоғары – 3 207 ккал, ал қалалық жерде – 3 044 кКал.

Өңірлік тұтынуды қарастыра отырып, еліміздің барлық өңірлерінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі ең төменгі қажеттілік мөлшерінен асатынын атап өткен жөн. Осылайша, Павлодар (3478,7 Ккал), Алматы облысы (3487,4 Ккал)тұрғындардың ас мәзірі жоғары калориялы болып шықты.     

3 478,7 кКал және 3 487,6 кКал. Ал Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары калориясы аз тағамдарды тұтынатыны анықталды, 2 519,8 ккал және 2 657,8 ккал-дан. Маңғыстауда көрсеткіш 2748,4; ал Атырауда 2836,8 Ккал.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің құрамын қарастыратын болсақ, онда көмірсулардың үлесі басым – 53,6%. Ал тәулік ішінде тұтынылған тамақтағы майлардың үлесі – 33,1%, ақуыздардікі – 13,3%. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы өте жоғары (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары.