Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «ПКОП» ЖШС-де МӨЗ өндірістік көрсеткіштерін орындау, сондай-ақ Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын кеңейту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауытын кеңейту кезінде мұнайды тасымалдауды қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Министр мынадай тапсырмалар берді:
- зауыттың қайта өңдеу қуаттарын ұлғайтудың ТЭН-ін әзірлеуге кірісу;
- «ПКОП» ЖШС өңдеу қуаттарын кеңейтудің барлық кезеңдерінің мерзімдерін оңтайландыру;
- «ПКОП» ЖШС-не 2022 жылғы қазаннан қарашаға дейін жоспарлы жөндеуді бастауды ауыстыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;
- Құмкөл және Ақтөбе кен орындары тобында мұнай өндірудің төмендеуі аясында жеткізілетін мұнайдың қолайлы сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы ерекше бақылауға алынсын.
Сондай-ақ, сапар барысында Министр «Hill Corporation» ЖШС майлау материалдарын өндіру зауытына, МТБЭ өндіру зауытына, «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС, сондай-ақ салынып жатқан «Standart-Petroleum&Co» ЖШС мұнай-химия комбинатына барды.