2020 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18760,2мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар 11040,2 мың (58,8%), ауылдықтар –7720мың адамды (41,2%) құрады, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
2019 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,4% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (66,4 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (54,7мың адам)және Түркістан облысында (34 мың адам) қалыптасты.