Қазақстанда шұжық өнімдерін, сондай-ақ соған ұқсас ет өнімдерінің өндірісі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 3,2% өсті. Осы уақыт ішінде отандық кәсіпорындар 51,9 мың тонна өнім өндірді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 мың тоннаға артық (50,3 мың тонна).
Шұжық және ет өнімдерінің экспорты 54,5% өсті. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 315,6 тонна өнім жөнелтілді, ал 2023 жылғы сәйкес кезеңде экспорт 204,3 тоннаны құраған. Экспорттың негізгі көлемі Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Катарға жіберліген.
Импорт 2,3% өсім көрсетті. Аталған кезеңде елге 34,4 мың тоннадан астам өнім әкелінді. Өнімдер негізінен Ресейден, Беларустан, Қырғызстаннан және Канададан келді.
Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың алғашқы 9 айында 86,1 мың тонна шұжық және оған ұқсас ет өнімдері сатылды, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7% артық (2023 ж. қаңтар-қырк. – 83,8 мың тонна).