2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда 249,3 мың адам дүниеге келді, 97,7 мың адам қайтыс болды. Тиісінше халықтың табиғи өсімі 151,6 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған.
Республиканың 18 өңірінде халықтың табиғи өсімі оң болса, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының халқы тиісінше 947 және 343 адамға азайып кеткен. Қостанай облысының жалпы халқы көбейгенімен, ауыл халқы 124 адамға азайып қалды.
