Қоғамда түрлі пікір тудырған шошқа шаруашылығы туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми мәлімдемесі.
"Мемлекет әрқашан экономикалық тұрғыдан тиімді болу үшін көршілес елдердің сұранысына мән беріп, нарықтағы тұтынушы талабын ескереді.
Қазақстанда 2018 жылдан бастап шошқа етін өндіруді субсидиялау тоқтатылған, бұл шошқа өндірісіне мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінің 2 есе азайғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта салада тек екі субсидия бар: асылдандыру мен өсіруге кеткен шығындарды өтеу. Алайда, өткен жылы бұл субсидияны тек бір шаруа қожалығы ғана пайдаланып, небары 6 бас мал алынды.
Салыстырмалы түрде, 1991 жылы Қазақстанда 2,9 миллион бас шошқа болған, ал 2018 жылы - 800 мың ғана. 2019 жылға қарай Қазақстандағы шошқа санының артуы, шошқа еті экспортының өсуіне әсер етті. Егер 2017 жылы Қазақстан шетелге 300 тоннаға жуық ет сатса, былтыр ол 800 тоннаға жетті. Осы кезең ішінде шошқа етінің ішкі тұтыну үлесі 8% төмендеді", дейді министрлік.