Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында экономика өсімі 3 пайыз болды. Экономиканың нақты секторының өсімі 3,5 пайызды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 пайызға жетті.
Өңдеу өнеркәсібінің өсіміне қарап ел экономикасы шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, экономиканы әртараптандыру жұмыстарының нәтижесі байқалады.
2010–2019 жылдары елдің ішкі жалпы өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10%–11,5% аралығында болды. Ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 13,1% болды. Ал биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда тағы 14% өсті. .
Ал жылдың алғашқы тоғыз айындағы көрсеткіш бойынша өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 87,2% көбейіп рекордтық 1,1 трлн теңгеге жетті.